• RUB:
    6.41
  • USD:
    511.77
  • EUR:
    593.19
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 11 Маусым, 2025

100 ЖИ фабрика

40 рет
көрсетілді

«Nvidia» компаниясы алдағы 50 жыл­­да әлем бойынша 100-ге жуық жа­санды интеллект фабрикасын ашуды көздеп отыр. Бұл – кә­дім­­гі өндіріс зауыты емес, арнайы ЖИ модельдерін үйретіп, іске қосу­ға арналған қуатты деректер орта­лық­тары болмақ.

Компания басшысы Дженсен Хуангтің айтуынша, ЖИ инфрақұрылымы алдағы уақытта интернет сияқты әлемнің бар­лық түкпірін қамтитын болады. Бұл жүйе­лер графикалық және орталық процес­сорлардың ең озық түрлерін – «GB200», «GB300», «Rubin» архитектурасын қол­да­натын «Kyber» жүйелерін пайдала­нады. Бұлар бұрын-соңды болмаған есеп­­теу қуатын береді. «Nvidia» қазіргі таң­­да Тайваньда, АҚШ-тағы Аризона мен Техаста, Сауд Арабиясында жаңа ЖИ фабрикаларды салу бойынша әріп­­­тес­тік келісімдер жасап үлгерген.