23 жасар Астана тұрғыны Петропавл қаласына келіп «α-PvP» «мефедрон» синтетикалық есірткісін таратпақ болған кезінде ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Оның бойынан, тоқтаған пәтерінен және ұнтақтарды бөлшектеп тыққан жерінен – барлығы 0,5 кг есірткі алынды. Бұл есірткі таратудың биылғы ең үлкен көлемі болып есептеледі. Қазір ол тергеу оқшаулағышында қылмыстық тергеуде отыр.
Жыл басынан бері облыста 139 есірткі тасу және қолдану қылмыстары ұсталды.
Солтүстік Қазақстан облысы