Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері, ҚР Грузиядағы Елшілігінің көмегімен Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы арқылы жалған банкноттарды өткізіп, сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында ел азаматын Грузиядан экстрадициялады, деп жазады Egemen.kz.
Ол 2024 жылы Түркия Республикасынан жалған банкноттарды әкеліп, Қазақстан аумағына өткізді деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Осы жылдың мамырында ол Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған. Күдіктіге осы қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.