• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 12:47

Шегірткемен күрес мақсатында 1,4 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделді

10 рет
көрсетілді

Биыл 2,1 млн гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күні оның 1,4 млн гектары өңделді, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шараларға 443 бірлік арнайы бүрку техникасы тартылған. Химиялық өңдеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.

Түркістан облысында күрес шаралары толық аяқталды: 371,79 мың гектар алқап өңделді. Ақтөбе облысында – 268,12 мың га, Қостанай облысында – 258,97 мың га, Жетісу облысында – 51,81 мың га, Жамбыл облысында – 74,48 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 136,66 мың га, Қызылорда облысында – 50,01 мың га алқап өңделді.

Қалған өңірлерде жұмыстар жалғасуда.