• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 08:05

Шәмшіге арналған пошта маркасы

20 рет
көрсетілді

«Қазпошта» АҚ «Шәмші әлемі» қоғамдық қорының бастамасымен композитор Шәмші Қалдаяқовқа арналған алғашқы пошта маркасын шығарды. Бұл айтулы оқиғаның тұсаукесері Алматы қаласында Ұлттық рәміздер күні қарсаңында өтті.

Марка композитордың 95 жылдық мерейтойына орай шығарылып, Ш.Қал­дая­қов­тың өз дәуіріндегі көрнекті музыкант ретін­дегі айрықша рөлін айқындайды. Жо­баның авторы және марка дизайны тұжы­рымдамасының идея негізін ұсынған – қордың атқарушы директоры Ботагөз Қалдаяқова. Пошта мар­ка­сының дизайнері – Рауан Абайқызы Хайролла.

«Пошта қызметі» филиалының пош­та төлем белгілері басқармасының бас­тығы Айжан Каримхан­қызы Омарова­­ның айтуынша: «Марка шектеулі таралыммен шығарылған, оны еркін са­ты­лымнан табу оңай емес. Фила­телис­тер арасында бұл марканың сирек кез­десетін құнды дүние ретінде жоғары бағаланатыны сөзсіз».

2025 жылы қор композитордың мерейтойына орай бірнеше маңызды іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. Солардың бірі де бірегейі, ұлттық музыка мәдениетін дамытуда маңызды рөл атқарған талантты композиторға арналған туған пош­та маркасының жарыққа шығуы.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар