• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Медицина Кеше

Министрлік емшара кабинеттеріне бақылауды күшейтеді

50 рет
көрсетілді

Елімізде жеке емшара кабинеттерінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Министрліктің хабарлауынша, жыл басынан бері Жамбыл облысында медициналық стандарттардың өрескел бұзылуына байланысты екі адам көз жұмған. Тексеріс барысында жекеменшік медициналық ұйымдардың кейбірінде шұғыл көмек көрсетуге қажетті лицензиялар мен шарттардың жоқтығы, дәрі-дәрмек сақтау талаптарының бұзылғаны анықталған.

«Өңірде қоғамдық мониторингтік топтар құрылды. Жүргізілген тексерулерден кейін олар медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзатын 133 емшара кабинетін анықтады. Жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 14 емшара кабинетіне жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, 51 кабинет өз еркімен жұмысын тоқтатты, 68 мекемеде тексерулер жалғасуда», деп хабарлады МФБК Жамбыл облысы бойынша департаментінде.

Осыған ұқсас жұмыс Қазақстанның басқа өңірлерінде де жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар