• RUB:
    6.46
  • USD:
    510.19
  • EUR:
    582.79
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Балуан полицейлер Азия додасында жеңіске жетті

50 рет
көрсетілді

Иорданияның Амман қаласында өткен джиу-джитсудан Азия чемпионатында Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқу-жаттығу взводының аға инспекторы Қуандық Есенеев (94 келі) қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды. Бұл – оның халықаралық ауқымдағы жарыстан алған алғашқы алтын медалі емес екен, алайда Азия чемпионатындағы жеңісі – зор жетістік.

Ал 94 келіден жоғары салмақ бойынша оқу-жаттығу взводының полиция аға лейтенанты Дәурен Ауданбаев күміс жүлдеге қол жеткізді.

Сөйтіп Жетісудың балуан полицейлері спортта да үздік екендіктерін айғақтады, мұндай жетістіктер – салауатты өмір салтын насихаттауға да серпін береді.

Соңғы жаңалықтар