АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz «РИА Новостиге» сілтеме жасап.
«АҚШ-тың сыртқы саясатын, ұлттық қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсаттарын ескере отырып, мен келесі 12 елдің азаматтарына елге толық кіруге тыйым салу және шектеу қою туралы шешім қабылдадым: Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваторлық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан және Йемен», делінген құжатта.
Жарлықта «бұл шектеулер АҚШ-қа иммиграциялық және иммиграциялық емес визалар арқылы келетін шетел азаматтарына қатысты қолданылады» деп нақтыланған.
Сонымен қатар Трамп АҚШ-қа келесі жеті елдің азаматтарына кіруді ішінара шектеген.
«Мен келесі жеті елдің азаматтарына елге кіруге ішінара тыйым салу және шектеу қою туралы шешім қабылдадым: Бурунди, Куба, Лаос, Сьерра-Леоне, Того, Түрікменстан және Венесуэла», делінген құжатта.
Бұл шектеулер әртүрлі болғанымен, олар иммиграциялық та, иммиграциялық емес визаларға да қолданылады.