Бүгін Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «100 жаңа есім - 100 новых лиц» айдары аясында маңғыстаулық талантты оқушыны көпшілікке таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Ақтау қаласының 6-сынып оқушысы Самир Валерийдің қабілеті көпшілікті таңдандырды. Министрліктің мәлімдеуінше, оның оқу жылдамағы минутына 16-17 мың сөзге жетеді.
Екі жыл бұрын Самир минутына 90 сөзден артық оқи алмайтын. Алайда жүйелі жаттығулар мен ұстазының қолдауының арқасында көрсеткішін едәуір жақсартқан.Ақпаратты жоғары жылдамдықпен қабылдау Самирге сабақта өзіне сенімді болуға және тек гуманитарлық пәндерде ғана емес, нақты ғылым пәндерінде де жетістікке жетуге көмектесіп жатыр. Ол қалалық және аудандық олимпиадалардың жүлдегері, ал 2023 жылы мектебінде «Жыл оқушысы» атағына ие болған. «Самир - сыныптастары арасында ұйымшыл, мақсаткер және жауапты оқушы. Ол мектеп өміріне белсене араласып, көшбасшылық қабілетін және өсуге деген ұмтылысын көрсетіп жүр. Оның айтуынша, болашақта ел игілігі үшін қызмет етіп, білім, өнер және спорт салаларында өзін танытқысы келеді», делінген министрлік хабарламасында.