Адамзат тарихында әлемде алғаш рет көшпелілер им-периясын құрған – ғұндар. Мағжан Жұмабаев «Ерте күнде отты күннен ғұн туған, Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам» дегеніндей, ежелгі ата-бабамыздан қалған мұра көп. Күллі Еуразия даласында ғұндарға тән 13 қорған-кешен болса, осылардың тоғызы моңғол даласында екен.
Жуықта моңғол археолог-тері Өтукен даласында орналасқан ғұн ақсүйегінің қорғанын қазды. Көптеген артефакті мұралар шықты. Соның бірі – күміспен күптелген әртүрлі пошымдағы сыңар мүйізді жүздеген еліктің бейнесі.
Мамандардың пайымдауынша, мұндай сыңар мүйізді елік-марал туралы ежелгі үнді, грек, ром, қытай, жапон, кәріс, тибет, вьетнам халықтарында әрқилы аңыз-әңгіме, әфсаналар сақталған.
Бірақ атаулары әртүрлі. Мысалы, үнділер елікті юникорн (uncornus, licorn, einhorn), гректер моноцерос (monoceros), қытайлар цилинь (qilin, cilin, kirin, kilin), жапондар арихаримо (hariharimo) дейді екен.
Мұндай сыңар мүйізді қоңыр аңның мүсіні бұған дейін Ноён ула кешенінің 20 обасынан 12 дана, 22 обасынан 18 дана табылса, екі жыл бұрын Гол мод ескерткіш кешенінің ІІ қорғанының 1 обасынан 54 данасы табылыпты.