Биыл Щучинск қаласында жаңа бақылау алаңы ашылды. Аз уақыттың ішінде туристердің назарын аударатын демалыс орнына айналып үлгерді, деп жазады Egemen.kz.
Бұл жерден Бурабай баурайындағы тамылжыған табиғатты айқын көруге болады. Алаң көл деңгейінен 270 метр биіктікте орналасқан. Қас қарая жарық беріледі.
Қазіргі таңда бірқатар туристік кешендер медициналық туризм мен сауықтыру бағытында қарқынды дамып келеді. Бурабай кентінде «Бурабай халықаралық травмотология және ортопедия ғылыми орталығы өз жұмысын бастады. Орталық келушілерге көмек көрсетумен қатар, нақты диагноз қою, оңалту және санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынады.
Жергілікті билік туристердің қауіпсіздігі мен барлық жағдайын жасамақ. Жағымды жаңалық биыл да көркем өңірдің тынысын ашып, келушілерді құрақ ұшып қарсы алуға себеп болып тұр.
Ақмола облысы,
Бурабай ауданы.