Париждегі әйгілі Гревен музейінен Франция президенті Эммануэль Макронның балауыз мүсінін Greenpeace белсенділері ұрлап кеткен. Олар музей қызметкерлері кейпіне еніп, мүсінді қосалқы есік арқылы алып шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz BBCге сілтеме жасап.
Анықталғандай мүсін кейін Ресей елшілігі алдына орнатылған. Акцияға қатысушылар президентті Франция компанияларының Ресеймен әлі де бизнес жүргізуіне көз жұмып отыр деп айыптаған.
Белсенділердің айтуынша, бұл әрекет ел үкіметінің екіжүзді саясатына қарсылық белгісі болған.
Айта кетейік, 40 мың еуро тұратын балауыз мүсін әлі табылған жоқ.