• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2025

Ертіс орманына найзағай түсіп, өрт шықты

40 рет
көрсетілді

Павлодар облысы аумағындағы қарағайлы орманға 14 жерден жай оты түскен. Өрт сөндіруге 150 адам мен 46 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орман өрті 2 маусым күні тіркелген.

- Өрт оқиғаларының 12-сі орманды, өзгесі далалық жерде болды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 46 бірлік техника, оның ішінде 21 автоцистерна, 12 трактор, 13 шағын өрт сөндіру кешені қолданылды. Орман күзетінен 117 адам және «Қазавиаорманқорғау» десанты  мен төтенше жағдай қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарына қатысты. «Қазавиаорманқорғау» тікұшағы әуеден 4 рет су төкті. Үйлесімді іс-әрекеттің арқасында өрт үлкен аумаққа таралмай, уақтылы ауыздықталды. Өрт шалған жерлердің жалпы аумағы мен келген шығын анықталып жатыр, - деп хабарлады резерваттың баспасөз қызметінен.

Павлодар облысы