• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Маусым, 2025

Мемлекеттік кеңесші «Орталық Азия – Қытай» форумына қатысты

40 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Орталық Азия – Қытай: аймақтық әріптестіктің жаңа көкжиектері» атты талдау орталықтарының V форумының ашылуына қатысты. Ауқымды шараны ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты мен Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясына қарасты Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты бірлесіп ұйымдастырған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум жұмысына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген жетекші талдау орталықтары, мемлекеттік құрылымдар, ғылыми мекемелер мен халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Ерлан Қарин Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, көпжақты диалогты одан әрі нығайтудың маңызын айтты. Сонымен қатар, ол алдағы уақытта Астанада өтетін «Қытай – Орталық Азия» саммитінің екінші отырысы осы серіктестіктің нақты дәлелі екенін жеткізді.

Мемлекеттік кеңесші Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгеніне назар аударып, еліміздегі реформалар мен стратегиялық даму бағыттары туралы да сөз қозғады.