• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Маусым, 2025

Карикатурашы Ибрагим Кубеков дүниеден озды

50 рет
көрсетілді

Қайғылы хабарды оның ұлы Евгений Кубеков Facebook аккаунтында жариялады, деп жазады Egemen.kz.

 

«Кеше Испанияның Бургас қаласында әкем Ибрагим Кубеков өмірден өтті. Жақындарыңызды қадірлеңіздер!» делінген хабарламада.

Ибрагим Кубеков – қазақстандық карикатурашы. Ол 1957 жылы Украин КСР-інің Ворошиловград қаласында дүниеге келген. 1960-жылдардың басынан бастап Алматы қаласында тұрған. 1978–1982 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің көркем-графика факультетінде білім алған.

1980-жылдардың соңынан бастап Ибрагим Кубеков шамамен қырық жыл бойы газет графикасы саласында еңбек еткен. Ол «Дружные ребята», «Караван», «Мегаполис», «Ковчег», «Информбюро» секілді басылымдарға шарждар мен карикатуралар жасап отырған. Ибрагим Кубеков – бүкілодақтық және халықаралық карикатура байқауларының жүлдегері әрі қатысушысы. Оның еңбектері республикадағы ірі музейлер мен көрме залдарында қойылған.

Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

ЕҰУ 2-курс студенті