Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Өңдеу өнеркәсібінің өркендеуі қаңтар-сәуір аралығындағы қорытындыда анықталған.
Ең жоғары өсім машина жасау – 111,2%, химия өнеркәсібі – 111,2%, құрылыс индустриясы – 112,9% және жиһаз өндірісі – 114,8% салаларында байқалып отыр.
Сондай-ақ, елімізде отандық өнімнің үлесі металлургия, жеңіл өнеркәсіп және электроника салаларында артып келеді. Тауар ішкі өндірісінің ұлғаюы нәтижесінде импорттық өнімдер біртіндеп ауыстырылады.«Отандық өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдаудың пәрменді құралдарының бірі - реттелетін сатып алуларға қатысуға басым құқық беру болып саналады», деді Ерсайын Нағаспаев.Осы құралдың арқасында отандық тауарлардың 4 834 астам позициясына басымдық берілген. Биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар отандық тауар өндірушілермен 303 млрд теңге болатын 96 мыңнан астам келісімшартқа қол қойған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе жоғары.