• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Бизнес 03 Маусым, 2025

Үкіметте бизнестің цифрлық картасын жетілдіру ұсынылды

50 рет
көрсетілді

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов отандық өндірісті қолдау мәселесін көтеріп, жаңа ынталандыру шараларын қарастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Баталов  қазіргі уақытта түрлі салалық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компаниялардың әртүрлі ақпараттық жүйелерге сүйенетінін атап өтті. Бұл жағдай бизнестің жұмысын қиындатып, ақпаратқа қолжетімділікті тежейді.

Сонымен қатар Райымбек Баталов жалпы қабылданған шаралардың, оның ішінде ұлттық режимнен босатудың өңдеуші өнеркәсіпке оң әсерін тигізгенін атап өтіп, бұл шешім үшін бизнес атынан алғыс айтты.

«Бәріміз де ортақ істі атқарып отырмыз, ОТӨ-ны жұмысқа тартамыз, тек тәсілдеріміз әртүрлі. Бизнес үшін мұның бәрі әртүрлі ақпараттық жүйелерді іздеу және бағдарлану қиын. Осыған байланысты, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді, оның ішінде инжинирингтік қызметтерді қолдау арқылы ашықтық пен объективтілік үшін Ұлттық экономика министрлігі бекітетін және әзірлейтін Бизнестің цифрлық картасында жаңа тәсілдерді пысықтауды ұсынамыз. Біз мұның бәрін бір модульге, яғни «Матрица» модуліне айналдыруды ұсынамыз. Жер қойнауын пайдаланушылардың gmk.eoz платформасының сатып алуы мысалын пайдаланамыз», деді Райымбек Баталов.

Бұл ретте Премьер-министр тауар өндірушілердің тізіліміне кіру механизмін жаңғыртып, оны бизнеске ыңғайлы ету қажеттігін атап өтті.