• RUB:
    6.53
  • USD:
    511.67
  • EUR:
    582.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Маусым, 2025

Белгілі қаламгер өмірден өтті

90 рет
көрсетілді

Қазақстан мәдениетінде өшпес із қалдырған көрнекті жазушы, ақын, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері Адольф Арцишевский дүниеден озды, деп жазады Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Оның шығармашылығы туған жерге деген адалдық пен сүйіспеншілікке толы болып, кейінгі толқынға шабыт сыйлады. Адольф Альфонсович біздің жадымызда сөз шебері, жомарт жүректі адам ретінде мәңгі сақталады», делінген министрлік хабарламасында. 

Адольф Альфонсович Арцишевский 1938 жылдың 17 қаңтарында Прокопьевс (Кузбасс) қаласында дүниеге келген. Өмірінің басым бөлігін Алматы қаласында өткізіп, шығармашылықпен айналысқан. 

Адольф Арцишевский  - поэзия және проза жанрындағы 18 кітаптың авторы. Ол - Қазақстан Жазушылар одағының, ПЕН-клубтың, Журналистер одағының, Театр қайраткерлері одағы мен Кинематографистер одағының мүшесі болды.

Сонымен қатар  Адольф Альфонсович  қазақ әдебиетін орыс тіліне аудару ісінде толымды еңбек етті.