• RUB:
    6.5
  • USD:
    512.1
  • EUR:
    583.64
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Маусым, 2025

Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатынан қаза тапты

70 рет
көрсетілді

Бұл ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Шетелдік БАҚ қайғылы оқиға туралы наурыз айының соңында хабар таратқан болатын.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қайғылы жағдай шамамен бір жарым ай бұрын орын алған. Жігіттер автожолда жоғары жылдамдықпен келе жатып, көлік бағанға соғылып, оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

«Төрт отандасымыз сол жерде қаза тапты. Консулымыз марқұмдардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетті, қажетті түсіндірмелер берілді», деді Смадияров министрлікте өткен брифинг барысында.

Қаза болған азаматтар  Оңтүстік Кореяда әртүрлі мақсатпен болған: бірі – студент, өзгелері жұмыс істеп жүрген.

Айта кетейік, Қазақстанның төрт азаматы Оңтүстік Кореяда Кенгидо штатының Хвасон қаласында жол апатынан қаза тапқаны хабарланған еді.