• RUB:
    6.5
  • USD:
    512.1
  • EUR:
    583.64
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Маусым, 2025

Қарағандыда 40 жетім бала баспанаға ие болды

60 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде 40 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға көптен күткен баспана берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Прокуратура тұрғын үй беру саласындағы заңбұзушылықтарды анықтап, мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен тиісті жұмыстар жүргізген. Нәтижесінде, балаларға заңмен бекітілген тұрғын үй құқықтары қамтамасыз етілген.

«Бұл – тек баспана ғана емес, олардың қалыпты және қауіпсіз өмір сүруіне жасалған нақты қадам. Аудан прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жалғастырады», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.