• RUB:
    6.5
  • USD:
    512.1
  • EUR:
    583.64
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Маусым, 2025

Үш ел «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдаланады

50 рет
көрсетілді

Душанбеде, мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық конференция аясында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстанның су ведомстволары басшылары биылғы маусым айынан тамызға дейін «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вегетациялық кезеңнің ең қызған уақытында Қазақстанға 491 млн текше метр су жіберіледі деп күтіліп отыр.

Аталған су қоймасының жұмыс кестесі көрсетілген құжат – үш ел арасындағы суды тиімді әрі теңдей бөлуді көздейді.

«Қазақстан су ресурстарын басқару бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық су құқығы қағидаттарын ілгерілетуге ұмтылады. Су – жай ғана табиғи ресурс емес, ол – тұрақты даму мен өңірлік тұрақтылықтың құралы. Біз ынтымақтастық арқылы ғана климаттық сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра аламыз», деді министр Н.Нұржігітов.