ІІМ «Заң мен Тәртіп» принципі бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
«Бекіре» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысының криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаөзен қаласында сирек кездесетін балықтарды заңсыз сақтаған жергілікті тұрғынды ұстады.
Ер адамнан жарты тоннадан астам бекіре тәркіленген. Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.