• RUB:
    6.5
  • USD:
    512.1
  • EUR:
    583.64
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Маусым, 2025

Шерзат ісі: Прокурор айыпталушыларға жаза сұрады

80 рет
көрсетілді

Жетісу облысында 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс бойынша 9 адам айыпталып отыр. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай Шерзат Полат өліміне күдіктілерге келесі мерзімдерді беруді сұрады:

Абзал Шынасылға – 23 жыл; Равиль Сакиевке – 20 жыл; Шыңғыс Белғожаевқа – 7 жыл; Дархан Аскентайға – 7 жыл; Нұрқияс Ілиясовқа – 9 жыл; Нұрбол Тоқтаубаевқа – 7 жыл; Азамат Тоқтаубаевқа – 15 жыл; Дидар Қалиахметке – 7 жыл; Дидар Ысқаққа (кәмелетке толмаған) – 1 жыл 6 ай.

Айыптаушы тарап барлық сотталушыға қатысты ең жоғары жаза тағайындауды сұрап отыр.