• RUB:
    6.5
  • USD:
    512.1
  • EUR:
    583.64
Басты сайтқа өту
Үкімет 02 Маусым, 2025

Ұлытау облысына су құбырын тартуға қаржы бөлінді

60 рет
көрсетілді

Үкімет Ұлытау облысында су құбыры желілерін тартуға Арнаулы мемлекеттік қордан 570 млн теңгеден астам қаржы бөлді, деп жазады Egemen.kz.

Жоба тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және ауылдық жерлерде инфрақұрылым құруға бағытталған. Барлық жұмыс аяқталған соң Жаңаарқа ауданында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100% құрайды.

Аймақтағы Жаңаарқа ауданындағы Ералиев ауылдық округі мен Ақбастау ауылының №189 разъезіндегі құбыр құрылысына 274 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Осы аудандағы Бидайық ауылдық округіне де жаңа су құбырын тарту жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа 296 млн теңге қарастырылған.

Үкіметтің  баспасөз қызметінің мәліметінше, елімізде сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік қалалық елді мекендерде 99,4%-ды, ауылдық жерлерде – 97,8%-ды құрайды.