• RUB:
    6.5
  • USD:
    512.1
  • EUR:
    583.64
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Маусым, 2025

Қазақстан теннисшілері халықаралық турнирде жеті медаль иеленді

70 рет
көрсетілді

Үстел теннисінен Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жеңістің бірінші орын тұғырынан Алан Құрманғалиев (19 жасқа дейін), Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова (аралас жұптар, 19 жасқа дейін) көрінсе, 11 жасқа дейінгілер арасында Аделя Алжанова алтыннан алқа тақты.

Ал күміс жүлдеге 11 жасқа дейінгілер сайысында Назерке Болатбек ие болды.

Сонымен қоса, қола жүлделерді Дарья Гамова (19 жасқа дейін), Алексей Маркин (15 жасқа дейін) және Жәния Бекмұхамбетова (13 жасқа дейін) жеңіп алды.

Осылайша Қазақстан құрамасы үстел теннисінен 3 алтын, 1 күміс, 3 қола барлығы 7 медаль еншіледі.

Еске салайық, бұған дейін үстел теннисінен Қазақстан құрамасы өкілі Жәния Бекмұхамбетова Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде топ жарған болатын.