Петропавлдың шеткергі аудандарының бірінде орналасқан «Новая» көшесінің 110-шы көпқабатты үйінде тұратын Бақытжан Әділов ақсақал балаларды қорғау күнінің қарсаңында ескерусіз қалған сәбилер ауласын жандандырып, қолда бар материалдардан түрлі әшекейлі, қызықты заттар жасап шығарды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Олардың ішінде «терең» ошаққа орналасқан шәйнек, декоративті бағдаршамдар, аққудың ұясы, паровоз, зымыран, ұшақ және т.б. бар. «Менің бастамама әуелі көршілер күдікпен қарасты, артынан бәрі де түсініп, біразы маған көмекке келді. Осы шаруаның арқасында көршілер бір-бірімізбен танысып, амандық-саулық сұрауымыз да жақсарып қалды», дейді ақсақал.
Жаныңдағы жандарға жақсылық жасағанға не жетсін, қазір Бақытжан ақсақалды барлық балалар да жақсы көріп, оған «ассалаумағалейкум» деп сәлем беріп жатады.
ПЕТРОПАВЛ