Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді, 660 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық артып келеді: 660 мыңнан астам адам жүйелі түрде айналысады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 660 мыңнан асты. Бұл — елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ын құрайды (2023 жылы — 619,2 мың адам немесе 8,7%). Жаттықтырушылар құрамы 1781 маманды қамтиды, оның ішінде 1004-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді.
2018–2024 жылдар аралығындағы динамика:
• 2018 — 375 926 адам• 2019 — 399 357 адам• 2022 — 432 457 адам• 2023 — 619 200 адам• 2024 — 660 000-нан астам адам Ең танымал спорт түрлері:
• қазақша күрес,• тоғызқұмалақ,• асық ату,• көкпар,• бәйге,• теңге ілу,• жамбы ату,• аударыспақ,• құсбегілік,• дәстүрлі садақ ату,• жекпе-жек және басқа да түрлер. Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында өңірлерде 15 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен 17 мамандандырылған клуб жұмыс істейді. Қазақстанда жыл сайын ұлттық спорт түрлері бойынша 1000-нан астам жарыс өтеді.