• RUB:
    6.46
  • USD:
    511.37
  • EUR:
    583.73
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Мамыр, 2025

NASA-ға шақырту алған оқушы

130 рет
көрсетілді

Тимур Рыспеков – MIT деңгейіндегі жас ғалым. 13 жасында өзінің ал­ғаш­қы стартабын жүзеге асырып, еліміз­дің 100 жаңа есімі қатарына енген.

Ол 3 жасынан бастап математикаға қызыққан. Сол кезде-ақ көбейту кестесін жатқа білген. Кейін 7-сыныпта өз жобаларын қолға алып, ғылыми жұмыстармен айналыса бастаған. Кейін Массачусетс технологиялық институтында қашықтан білім алады. Бұл – әлемдегі ең беделді университеттердің бірі. Жас өнертапқыштың ерекше қабілеті мен ойлау жүйесінің ауқымдылығына әлемдік деңгейдегі алпауыттар – «Microsoft» пен «NASA» назар аударып, Тимурды өз жобаларына қатысуға шақырған.