• RUB:
    6.46
  • USD:
    511.37
  • EUR:
    583.73
Басты сайтқа өту
Балалар 31 Мамыр, 2025

Есепке жүйрік Азамат

110 рет
көрсетілді

Азамат Нұқаев – менталды арифметика саласында нағыз керемет нәтиже көрсеткен жас дарын.

Ол бүкіл әлем бойынша өткен жарысқа қатысып, 5 мыңнан астам қатысушының арасынан суырылып шығып, 69 мың есепті қателеспей шешкен. Ментальді арифметика – баланың ойлау жүйесін, есте сақтау қабілетін және концентрациясын дамытуға арналған білім жүйесі. Бұл әдіс бойын­ша оқыған бала сананы визуалды түрде жаттықтырып, калькулятордан да жылдам есептеу дағдысына ие болады. Азамат дәл осы әдісті толық меңгеріп, зеректігі мен тапқырлығының арқасында бүкіл әлемді аузына қаратқан.