Алматы мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары жануарларды зерттеу үшін фототұзақтар орнатады және дрон арқылы мониторинг жүргізіп тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
2025 жыл басталғаннан бері Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) фототұзаққа 25 рет түскені тіркелген.
Фототұзақтар арқылы тұрақты мониторинг жүргізу – жануарлардың белсенділігін, қозғалыс бағыттарын, мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік береді әрі мекендеу аумақтарын анықтауға және табиғи факторлардың популяцияға әсерін бағалауға септеседі.