• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Мамыр, 2025

Елімізде 2,1 млн отбасыға әлеуметтік төлем беріледі

70 рет
көрсетілді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Спикер Асқар Әбілдаұлының айтуынша, республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақылардың бес түрі және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін екі әлеуметтік төлем түрлері бар, аталған төлемдердің барлығы отбасының табысына қарамастан беріледі. Елімізде 2,1 млн  отбасыға төлемдер беріледі. Биыл бұл төлемдерге 1,7 трлн теңге қаржы қарастырылған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 210 млрд теңгеге артық. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің барлығы 6,5%-ға өскен.

ОКҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше базалық деңгейде мемлекет республикалық бюджеттен 149 мың теңгеден 247 мың теңгеге дейінгі біржолғы бала туылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақыға кепілдік береді. 2025 жылдың 4 айында 137 мың отбасыға 21 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Осы жылға қарастырылған қаражат көлемі – 75 млрд теңге. 

Жұмыс істемейтін әйелдер үшін 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақылар бар. Олар 22 мың теңгеден бастап 34 995 теңгеге дейінгі мөлшерде беріледі. Мәселен, бірінші балаға – 22 649 теңге,  екінші балаға – 26 777 теңге, үшінші балаға – 30 866 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға – 34 995 теңгеден төленеді. 1 мамырдағы жағдай бойынша 123 мың отбасыға 14,5 млрд теңге сомасында жәрдемақы берілген.