• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Астанадағы LRT жүйесін іске қосу мерзімі кейінге шегерілді

70 рет
көрсетілді

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Келесі жылдың соңында сынақтық іске қосу жасалады. Сонымен қатар келесі жылы жолаушыларды тасымалдау басталады», деді Роман Скляр.

Қаңтар айында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылыс жұмыстары 2025 жылдың жазында аяқталатынын хабарлаған болатын.

Сәуір айында CTS басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев LRT-ны сынақтық пайдалану 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланғанын айтты. Бұл пойыздардың жолаушыларсыз жүріп көруін білдіреді. Сонымен қатар, LRT бойындағы аумақ әуежайдан бастап Рысқұлов көшесіне дейін абаттандырылуы тиіс еді.

24 мамыр күні Қытайдан алғашқы вагондар елордаға жөнелтілді. Жалпы алғанда, LRT үшін 19 бірлік жылжымалы құрам жасалмақ. CTS баспасөз қызметінің мәліметінше, төрт бөлімді, төртінші деңгейдегі автоматтандырылған жүргізушісіз пойыздар әрқайсысы 650 жолаушыны тасымалдай алады.