• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Заң Кеше

Жеті жыл бойы алимент төлемеген әке жазаланды

70 рет
көрсетілді

Бас прокуратураның хабарлауынша, борышкер әке мүмкіндігі бола  тұра алимент төлеуге асықпаған, деп жазады Egemen.kz.

Осылайша Жамбыл облысы тұрғынының балалар алдындағы берешегі 7 жылда 12,6 млн теңгеге жеткен.

2024 жылдың 2 қыркүйегінде Байзақ ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеуден қасақана жалтарған «Н» есімді азаматқа қатысты ҚК-тің 139-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 сәуірдегі үкімімен борышкер ҚР ҚК-тің 139-бабымен кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.