• RUB:
    6.46
  • USD:
    509.26
  • EUR:
    574.75
Басты сайтқа өту
Президент Кеше

Қазақстан Президенті БҰҰ-ның жоғары өкілдерімен кездесу өткізді

40 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Бас хатшысының цифрлық мәселелер және озық технологиялар жөніндегі арнаулы өкілі Амандип Сингх Гиллмен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Даму бағдарламасы Әкімшісінің орынбасары Хаолян Шумен, БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі және Ауғанстанға көмектесу жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы Роза Отынбаевамен, БҰҰ Бас хатшысының жастар ісі жөніндегі көмекшісі Фелипе Паульермен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Астана халықаралық форумына БҰҰ-ның беделді өкілдерінің қатысуы сан қырлы әрі сындарлы диалогтың баршаға ортақ екенін көрсетеді.

Қазақстан Президенті геосаяси тұрақсыздық белең алған кезеңде БҰҰ өзінің әмбебап әрі баламасыз сипатын сақтап, бейбітшілік, қауіпсіздік және дамуды қамтамасыз ету ісіндегі бірегей Ұйым ретінде қала беретініне сенім білдірді.