• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Оқиға 29 Мамыр, 2025

Қостанайлық тұрғын 556 млн теңге заңсыз табыс тапқан

40 рет
көрсетілді

Қостанайда азамат алты жыл бойы ешқандай лицензиясыз «OLX» және «Instagram» мобильді қосымшалары арқылы азаматтарға пайызбен қарыз берумен айналысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, оның заңсыз әрекеттері заңды мәміле ретінде рәсімделіп отырған. Қарыз шарттарында көрсетілген сомалар нақты берілген қаражаттан әлдеқайда жоғары болған. Өйткені бұл сомаларға жылдық 100 пайызға дейін алдын ала есептелген сыйақы қосылған.

Күдікті осындай 72 мәміле жасап, жалпы 556 миллион теңгеден астам қаражатты айналымға түсірген.

«Солардың бірі – Рудный қаласының зейнеткерімен жасалған келісім. Ол күдіктіден емделуге қажет деп 13,2 млн теңге көлемінде қарыз алғаны туралы келісімге отырған. Келісім шарттарына сәйкес, зейнеткер екі жыл бойы ай сайын 600 мың теңгеден төлеуге міндеттелген. Алайда, іс жүзінде ол қолына тек 6 млн теңге ғана алған, ал қалған 7,2 млн теңге алдын ала есептелген пайыз ретінде көрсетілген. Қарызды төлеу үшін ол өзінің жалғыз пәтерін кепілдікке қоюға мәжбүр болған», деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі 

Сот санкциясымен күдіктінің жалпы құны 154 млн теңгеге бағаланған мүлкіне тыйым салынған. Оған 6 жеке тұрғын үй және «TANK 500», «TOYOTA CAMRY», «MITSUBISHI FIGHTER» маркалы 3 автокөлік кіреді.

Тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр.