• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Мамыр, 2025

Бөгеттерді нығайтуға 2 млн доллар грант бөлінеді

30 рет
көрсетілді

Су ресурстары және ирригация министрлігі Жапония үкіметімен Қазақстандағы су тасқынына қарсы шараларды жақсарту жобасын жүзеге асыру үшін 2 млн доллар көлемінде грант бөлуге келісті, жобаның аяқталу мерзімі – 2027 жыл, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аталған министрліктің мәліметінше, жоба – еліміздің су тасқынына төзімділігін арттыруға және бөгет қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Былтыр Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) сарапшылары тасқын кезінде ең көп зардап шеккен Қазақстанның 4 өңіріндегі 13 су шаруашылығы нысанына зерттеу жүргізгені мәлім. Сондай-ақ JICA қолдауымен «Қазсушар» кәсіпорнының бірнеше маманы Жапонияда біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимовтың айтуынша сала министрлігі құрылғаннан бастап Жапониямен ынтымақтастық едәуір нығайды.

«Біз ынтымақтастығымызды жалғастыруға ниеттіміз. Жапонияның су тасқынына қарсы күресте тәжірибесі мол және су ресурстарын басқару саласында бірегей технологиялары бар. Бұл еліміз үшін өте пайдалы болуы мүмкін», деді вице-министр.