Қытайда алғаш рет роботтар арасында бокстан ресми турнир өтті. Ерекше жарыстың ережесі кәдімгі боксқа ұқсас. Яғни қарсылас құлап, сегіз секундта секіріп тұрмаса, жеңілгені деген сөз.
Ақылды құлтемірлер қашықтан басқарылады. Олар адамның қимыл-қозғалысын айна-қатесіз қайталайды. Жылдамдығы – секундына екі метрге дейін, ал соққысы өте дәл әрі жойқын. Ғалымдардың айтуынша, болашақта мұндай роботтар кәсіби боксшыларға жаттықтырушы болуы бек мүмкін.