1926 жылы Канада мемлекетінде бұрын-соңды болмаған ерекше байқау өтті. Торонто қаласының ауқатты заңгері Чарльз Вэнс Миллар дүниеден өтер шағында өсиет жазып қалдырған еді. Маңызды құжатта «500 000 доллар мұрамды он жыл ішінде ең көп баланы дүниеге әкелген анаға табыс етемін» делінген.
Мұндай күтпеген шартты естіген жұрт алғашында абдырап қалғанымен, уақыт өте келе байқауға біраз отбасы шындап кірісті. Онжылдық бәсекеге он бір отбасы қатысып, солардың төртеуі жеңімпаз атанды. Өйткені олар – он жыл ішінде тоғыз баланы дүниеге әкелген. Осылайша, төрт отбасы қомақты жүлдені теңдей бөлісіп алды.