Қаржы сарапшысы Алмас Чукин қазіргі тұрақсыз заманда ақшаны сақтаудың ең тиімді жолын айтты. Оның сөзінше, болжап болмайтын уақытта ең бастысы – тәуекелді дұрыс басқару.
Сарапшы сөзінше, бірінші ереже – ақшаны екіге бөлу. Күнделікті өміріміз теңгемен байланысты. Демек, табыстың жартысы теңгеде болуы керек. Қалған жартысын долларға сақтаған дұрыс. Бұл қарапайым әрі сенімді әдіс. Айырбас бағамына қарап, жүйке тоздырмайсыз. ⠀
– Еуро, фунт, стерлинг, франк ⠀дегендей еш қажеті жоқ «валюта қорыжындарын» жинаудың қажеті жоқ. Олардан ұту қиын. Валютаға секіріп міну қаржының тұрақты тәсілі емес. Екінші ереже – доллар әлсірейді дегенге сене бермеңіз. АҚШ экономикасы әлсірегеннің өзінде, әлемде доллар көбеймейді. Керісінше, доллар азаяды. Яғни доллар да тауар. Қолда аз болса, құны артады. Сондықтан доллар әлі біраз уақыт мызғымай тұрады.Үшінші ереже ұзақ дағдарысқа дайын болыңыз. Қысқа мерзімді қиындықтарға бейімделу оңай. Бірақ алдағы 2-3 жылдық дағдарыс болса, соған қазірден дайындалу керек, – деп түсіндірді А. Чукин.
Алмас Чүкин бұл жағдайды өмірмен байланыстырып түсіндіреді. Бір күні әкеңіз үйге келіп «Мен енді директор емеспін, бас инженер болдым. Жалақым екі есе азайды» десе не істейсіз? Егер бұрынғыдай өмір сүргіңіз келсе, жинақты жұмсайсыз. Ал егер жаңа шындықты қабылдай алсаңыз, бейімделесіз. Екеуінің айырмасы болашақта қандай шешім қабылдайтыныңызда.