Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 3 ауданда мал ұрлығымен айналысқандарды ұстады, деп жазады Egemen.kz.
4 күдіктіден тұратын топ алдын-ала сөз байласып, жылқыларды жайылымнан ұрлап жүрген. Содан кейін ұрланған малды жүк көлігіне артып әкетіп, сойып, етін сатқан. Күдіктілердің Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарының аумағында мал ұрлығының 10 фактісіне қатысы бары анықталған. Жалпы келтірілген шығын көлемі - 19 миллион теңге. Тінту барысында ұрланған 9 жылқы, жүк көлігі мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген. Күдіктілердің бірі осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталғаны белгілі болды.Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.