Бас прокуратура мәліметінше, 4 сотталушы жәбірленушінің шетелге оқуға баратынын және ата-анасына тиесілі ақша қаражаты бар екенін біліп, кәмелетке толмаған баладан 20 млн теңге талап еткен, деп жазады Egemen.kz.
Олар балаға қару көрсетіп, психологиялық қысым жасау арқылы 4 миллион теңгені иемденген.
Топтың екі мүшесі жәбірленушіден тағы 100 мың теңге ақша алу кезінде ұсталған. Артынша қылмысқа қатысушылардың қалғандары да қолға түскен.
Мемлекеттік айыптаушымен олардың кінәсі толық дәлелденіп, қылмыскерлердің әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық өтеліп, сонымен қатар сотталғандардан 2 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілген.Үкім заңды күшіне енді.