Сала министрлігі Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ұлытау яғни, 9 облыста жалпы саны 30 су құбырын салу және қайта жаңарту жобасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аталған барлық жоба іске асырылғанда, шамамен 1,3 миллион адам тұратын 468 елді мекенде ауыз су жағдайы жақсарады.
Президенттің отандастарымызды ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында былтыр топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту бойынша 8 жоба аяқталғанын айтқан Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың сөзінше жұмыстар Ақмола, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ұлытау облыстарында, яғни 6 өңірде жүргізілген. Бұл 208 мың адам тұратын 49 елді мекеннің сумен қамтылу жағдайын жақсартқан.