• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Оқиға 26 Мамыр, 2025

Шымкенттен Еуропа елдеріне тікелей рейстер ашылды

60 рет
көрсетілді

Шымкент қаласынан Еуропа мен Азияның алты еліне тікелей халықаралық әуе рейстері ашылды. Салтанатты шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әуежай инфрақұрылымын дамыту және аэрохабтар желісін кеңейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында іске асырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерінде орындалады. 

27 мамырдан бастап Шымкент-Мюнхен бағытындағы әуе рейсі аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері; Шымкент-Будапешт бағыты аптасына 2 рет сейсенбі және сенбі күндері; 29 мамырдан бастап Шымкент-Шанхай бағыты аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері; Шымкент-Сеул рейсі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Шымкент-Каир рейсі әр бейсенбі сайын; 24 маусымнан бастап Шымкент-Каир рейсі аптасына 2 рет дүйсенбі және бейсенбі күндері; 2 шілдеден бастап Шымкент-Сиань әуе рейсі іске қосылып, сәрсенбі және сенбі күндері аптасына 2 рет; 4 шілдеден бастап Шымкент-Үрімші рейсі аптасына 2 рет сейсенбі және жұма күндері жүзеге асады.

Іс-шараға ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов, Шымкент қаласының туризм басқармасының басшысы Бексұлтан Әділханов, сондай-ақ Венгрия, Германия, ҚХР, Оңтүстік Корея және Египет елшіліктерінің өкілдері қатысқан.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент әуежайының жаңа терминалы 2024 жылдың 25 желтоқсанында ашылды. Сонымен қатар, перрон мен тұрақ орындары жаңартылып, вокзал маңы инфрақұрылымы жетілдірілген.