Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ-нің бас директоры жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті резерватта нақты жұмыс істемеген тұлғаға заңсыз түрде жалақы тағайындап, ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оның өзге де ықтимал қылмыстық әрекеттерге қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.