Қазір Петропавл қаласында 125 қылмыскер аяғына салынған білезікпен жүр. Электронды білезік арқылы полиция оның қайда жүргенін бақылап отырады. Бұлардың құқы мен бостандығын шектеу жазасы сот арқылы белгіленген, ал білезік олардың бостандықта жүрудегі тәртібін бақылайды. Қылмыскерлердің көбі өздерін түрмеге жаппай осындай жаза бергеніне тіпті қуана келіскен, деп жазады Egemen.kz.
Электронды білезік арқылы инспекторлар қылмыскердің үйі мен рұқсат етілген тұрағынан алысқа кеткенін немесе басқа елді мекенге барғанын бірден біліп, жазбаша ескерту береді. Егер тәртіп бұзу қайталана берсе – қылмыскердің бостандығын шектеу басқа режімге ауыстырылып, түрмеге жабылады немесе зонаға жіберіледі. ҚАЖД СҚО бойынша аға инспекторы Әсем Ғабдуллинаның айтуына қарағанда жыл басынан бері білезік арқылы 51 тәртіп бұзу фактілері анықталыпты.
Петропавл