Бразилия джунглиінде өмір сүретін пирахан тайпасының тілінде сан есімдер атымен жоқ. Олар тек «аз», «көбірек», «көп» деген ұғымдармен шектеледі. Сондықтан бір мен екінің айырмасын нақты айта алмайды.
Лингвист ғалым Дэниел Эверетт бірнеше ай бойы оларға санауды, тіпті 1+1 есебін үйретуге тырысқанымен, ешқандай нәтиже болмаған. Өйткені бұл — олардың тілі мен дүниетанымына еш сай келмейтін түсінік. Сондай-ақ пирахан тілінде түстердің атауы жоқ. Мысалы, қызылды «қан сияқты», жасылды «жапыраққа ұқсайды» деп сипаттайды. Олар үшін әлем нақты сандар мен атаулардан емес, табиғи бейнелерден тұрады.