• RUB:
    6.51
  • USD:
    510.81
  • EUR:
    578.59
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Мамыр, 2025

CNN тілшісі Астана халықаралық форумында санкциялар туралы айтады

30 рет
көрсетілді

CNN телеарнасының халықаралық тілшісі Ханако Монтгомери 29-30 мамырда Астанада өтетін Astana International Forum панельдік сессияларының модераторы болады.

Ол қазіргі таңда Токиодағы CNN телеарнасының халықаралық тілшісі лауазымын атқарады. Өзі жақында өтетін Астана халықаралық форумын асыға күтіп жүргенін мәлімдеді.

- Мен екі панелдік сессияның модераторы боламын, бірі сауда шектеулері мен санкциялар сияқты экономикалық құралдардың геосаяси күштің қаруы ретінде қалай жиі қолданылып жатқаны туралы.

Мен сондай-ақ Орта дәліз сияқты дамып келе жатқан сауда жолдары жаһандық сауданы қалай өзгертетіні туралы панелдік сессияны да жүргіземін. Мен сіздерді сонда көруге асыға күтемін, - деді спикер.