Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender жарысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова аталған турнирде Италия, Испания, Венгрия, Германия, Швейцария спортшыларын 3:0 есебімен ұтып, 13 жасқа дейінгілер арасында алтыннан алқа тақты.
Еске салайық, отандасымыз осыдан 3-4 күн бұрын Болгарияның Панагюриште қаласында WTT Youth Contender турнирінде чемпион атанған еді.
Айта кетелік, Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словения, Мысыр, Словакия, Венгрия, Италия елдерінде де үздіктер қатарында көрінген.