• RUB:
    6.37
  • USD:
    510.59
  • EUR:
    578.91
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:18

Қазақстан армиясының даярлығы талқыланды

20 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың төрағалығымен Қарағанды гарнизонында Қорғаныс министрлігі алқасының көшпелі отырысы өтті. Жиында 2024–2025 жылдардағы қысқы оқу кезеңінің қорытындысы шығарылып, жазғы кезеңге арналған басым бағыттар белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынға Қорғаныс министрлігі, Бас штаб, Қарулы күштер түрлері мен өңірлік қолбасшылық әскерлерінің басшылық құрамы, сондай-ақ әскери оқу орындарының өкілдері қатысты.

Министр қазіргі геосаяси жағдай мен шетелдік армиялардың тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан армиясын даярлаудағы жаңа басымдықтарды атап өтті. Сонымен қатар, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының жай-күйі жөнінде баяндама жасады.

Ал тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскери тәртіп пен құқықтық ахуал бойынша ақпарат берді. Жиында жұмылдыру резервін күшейту, әскери міндеттілердің жиындарын жоспарлау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу, қатаң жарғылық тәртіпті сақтау сынды мәселелер қозғалды.

Алқа отырысын қорытындылаған Қорғаныс министрі командалық құрамға бірқатар басым міндеттер қойды. Олардың қатарында тактикалық барлау міндеттерін пысықтай отырып, ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларын даярлау, жауынгерлік және арнайы даярлық бойынша практикалық сабақтарды ұйымдастыру, инженерлік-саперлік бөлімшелерді даярлау, қауіпсіздік шараларын күшейту, қарумен жұмыс істеу жөніндегі талаптарды сақтау және т. б. тапсырмалар бар.