Астанада 24-25 мамыр күндері өтетін жәрмеңкеде елдің түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосаптар мен басқа да көптеген өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады.
Іс-шара 24 және 25 мамыр күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (Рио-де-Жанейро тұрғын үй кешенінің қарсысында) тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Ол күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін ашық. Сондай-ақ жәрмеңке маңында №2, 32, 49, 50, 73 автобус бағыттары жүреді, бұл іс-шара өтетін орынға тез жету үшін ұйымдастырылған.